ОҚМУ-ға кім ректор болады?

Уалихан Бишімбаев

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне конкурс жарияланды. Айта кетейік, бұған дейін біраз жылдар бойы аталмыш оқу ордасын басқарып келген Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев Парламент Мәжілісінің депутаттығына өткен болатын.

Әзірге бұл қызметті Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы уақытша алды. Ол осы күнге дейін оқу орнының инновация жөніндегі проректоры міндетін атқарып келген болатын.

Бүгіннен бастап, республикалық газеттерде конкурстың талаптары мен шарттары нақтыланған материал жарияланды.