ОҚО полицейлері есірткі сатқан азаматты қамауға алды

211
Салтанат Қаракөзова

11-қаңтар күні ОҚО ІІД-нің есірткіге қарсы күрес басқармасына Тараз қаласының 24 жастағы тұрғыны келген. Ол Сайрам ауданының бір тұрғынынан салмағы 200 грамм «героинді» 740 000 теңгеге сатып алғаны жөнінде мәлімдеген.

Келесі күні есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен «Арлан» арнайы жасағының оперативті іздестіру жұмыстары барысында аталмыш ауданда 1958 жылы туылған, алдын бірнеше мәрте есірткі өткізу бойынша істі болған жергілікті тұрғын ұсталған. Оның қалтасынан 700 000 теңгеге жуық қаржы табылған.

Күдіктінің үйін тінту барысында 2 литрлік шыны банкіге полиэтилен пакетінде сығымдалған есіркі заты табылыпты. ҚР қылмысты істер заңдар жинағындағы №259 тармағы 3б.  «Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу»  бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.