Парамен ұсталған шенеунікке қатысты сот шешімі шықты

480
Облыстық сот

Парамен ұсталған шенеунікке қатысты сот шешімі шықты.

Шымкент қалалық сауда бөлімінің бұрынғы бастығы Ғалымжан Еркебаев 2011 жылдың шілде айында 40 мың теңге парамен ұсталған болатын. Бірақ, сот орындары оны қызметін асыра пайдалананы үшін айыптап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Еркебаев тиісті орындардың бақылауында біршама уақыт болған. Ол қалтасына салған параның жалпы сомасы 148 мың теңге.  Cот ісін судья Жамашов Н. жүргізді. Мемлекеттік айыпты Әл Фараби ауданының бұрынғы прокуроры Н.Мерманкулов және оның көмекшісі Б.Ағаділов қолдады.  Мемлекеттік айыптаушылар сотталушыға тоғыз жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды сұранды.

Сотталушының әрекеті «қызметтік өкілетті асыра пайдаланумен» байланысты қылмыстық әрекетке қайта дәрежеленіп, оған екі жылға бас бостандығынан айыру және үш жылға дейін басшылық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы жаза тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.