«Сәт» триосының жақында Астана қаласында өтетін кештері «Көнеміз ғой» деп аталады. Трионың продюсерінің айтуынша, аталған концерттік кешпен өнерлі ұжым бүкіл Қазақстанның қалаларын араламақ. Концерттік кеште «Сәт тросының» жаңа әндері де орындалмақ.
Шымкенттік «СӘТ» триосы туғаннан жанары көрмейтін жеткіншектер өнерімен танымал. Ал топ имүшелері: Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов. Олар Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында білім алады.
Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан музыка пәнінің мұғалімі, топтың қазіргі музыкалық жетекшісі Тамара Шілдерханова.