Шымкент қаласының бас жоспары мемлекеттік сараптаудан өтті

554

2004 жылы бекітілген соңғы бас жоспар бойынша қала аумағы 36 мың гектарды құраған. Ал соңғы жасалған бас жобада 117 мың гектарға өскен.

Алматылық «Град» ЖШС-нің жасаған жобасына 72 млн. теңге жұмсалды. Қазір маңызды құжат 5 министірліктің мақұлдауына жіберілді.

Қала аумағы Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандарының шет аумағындағы жер көлемімен толығуына байланысты кеңейетін болады.