Түркістанда ашық сот отырысы болды

306
ашық соттың барысы

Түркістанда ашық сот отырысы болып өтті. Ол жергілікті мектептің біріндегі акт залда өтті.

Көпшілік ретінде мектеп оқушылары мен жергілікті жерде орналасқан ЖОО-ның студенттері қатысты. Ал сотталушының тағында жеті бірдей ұрылар болса, оның екеуі кәмелет жасқа толмаған да.

Жас жігіттер бір айдың ішінде 10 бірдей қылмыс жасап үлгерген. Өз кәсіптерін мал ұрлығынан бастаған, содан соң дүкендерге мен үйлерге шабуыл жасап, соңында мектептің мүлкіне қол сұққан.

Жәбірленуші: «Бір күні таңертең компьютер кабинетіне кіріп, ондағы 3 монитордың жоқ екенін көрдім. Содан мектеп басшысына айттым. Сосын біз қалалық ішкі істер бөліміне арыз жаздық.»

Келтірілген шығынды олардың ата-аналары төлегенімен, олар жазадан қашып құтыла алмады. Мойындау керек, соңғы уақытта Түркістан қаласында жасөспірімдер қылмысы тым өсіп барады. 2010 жылы олардың саны – 29 болса, 2011 жылы – 64-ке жетіп жығылған. Оның оншақтысын қызбалалар жасаған. Олар әлемжеттік жасап, қыздардың ұялы телефондарын тартып алып отырған. Мұны мектеп инспекторларының жетіспеушілігіне балайды кейбіреулер.

Артықбек Пашаев, Түркістан қаласының прокуроры: «Түркістанда 72 мектеп бар, оның тек бесеуінде ғана мектеп инспекторлары жұмыс істейді. Біз қазір қала әкіміне бұны таныстырып, арнайы ұсыныспен шықпақпыз. Егер әрбір мектепте мектеп инспекторы болса,оқушылар құқықбұзушылыққа бармас еді.»

Мұндай сот отырыстары, енді түркістандық мектептерде көптеп өткізілмек.