16 жасар қызды қағып өлтірген бұрынғы майор жүргізушілік куәлігінен айрылды

166
Асқар Көлбаевтің қылмыстық ісінің қаралу барысы

Жас қыздың өмірін қыршын қиған, бұрынғы полиция қызметкері – Асқар Көлбаев жүргізушлік куәліген қағылды.

Жүргізушілік куәлігінен айрылған ол ішімдік ішіп алып, көлікке отырып, Қонаев даңғылында қызды қағып өлтіріп, өзі қылмыс орнынан қашып кеткен.

Нұрлан Әлиев, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы: «30-қаңтар күні сот Асқар Көлбаевтің үстінен көрілген істі қарады. Анық болғандай, ол мас күйінде көлік жүргізген. Сот отырысы барысында ол кінәсін толық мойындады. Сондықтан оны екі жылға жүргізушілік куәлігінен айрыдық.»

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Қонаев даңғылында қатты жылдамдықпен келе жатқан «Ауди» көлігі 16-жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл жол апатының барысы, осы маңда өтіп бара жатқан бір көліктің видеотіркемесіне жазылып қалған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып жасырынбақ болған, бірақ оны куәгерлер тоқтатқан. Жаяу жүргінші қыз ауыр соққының салдарынан қаза болды, сол сәтте.