Енді кептеліс кезінде жол реттейтін бағдаршы полицей қажет емес

жаяу жүргінші

Қазір Шымкентте шамамен 138 бағдаршам жұмыс iстеп тұр. Жалпы бағыт шамдарының жаңарту жұмыстары 2007 жылы басталған болатын. Сол жылы «Скайа», «Сименс» жүйелерiмен жабдықталған 26 құрылғы ауыстырылды. Ал 2009 жылы 6 бағдаршам іске қосылса, 2010 жылы 24 қондырғы қайта жарақталды. Өткен жылы Шымшаһардың тағы 27 бағдаршамы соңғы үлгіге лайықталды.

Әр бағдаршамды орнату үшін шамамен 10 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Былтыр қала қазынасынан осы мақсатқа 207 миллион қаржы қаралып, Темiрлан тасжолы, Қожанов, Бейбiтшiлiк, Түркiстан, көшелерiнiң қиылыстарындағы ескi нысандар қазіргі үлгіге лайықталыпты. Сондай-ақ жаңа кешенді жол реттегіш аппараттары орнатылған. Оның ішінде маңызды көше қиылыстарына бағдаршамдармен бiрге бейнекамера, фотофиксатор секілді қосымша секциялар да бар.

Жақында Тәуке хан Қонаев көшелерінің қиылысына су жаңа бағдаршам орнатылды. Автоматты басқарылатын қондырғылар көлік кептелісін реттеуде керемет қызмет көрсетеді екен. Яғни бұдан былай құрылғыкептеліс бола қалған жағдайда қиылыста тұрып жол реттейтін бағдаршы полицейді қажетсінбейді.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік мәселесі де көлеңкеден шыға бастады. 2007-2011 жылдар аралығында 930 арнайы кедергі белгілілер жол бойына жақын орналасқан 63 мектеп маңына салыныпты. Сондай-ақ 22 жылдамдық өлшеу құрылғысы мен 8 мүгедектерге арналған дыбысты жол сiлтеу аппараттары, жұмыс iстеп тұр.