«Көктем» базарының сатушылары біржолғы талонды төлеуден бас тартуда

324

«Көктем»  базарында киім кешек сатыла бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. 2000 жылдары мұнда сауда жақсы жүрген көрінеді, сатушылардың айтуынша. Ал қазіргі дағдарыс кезеңінде жағдай қиындай түсті дейді олар. Ал бір реттік талонның қымбаттағаны жығылғанға жұдырық болды.

Арысбекова, сатушы: «Сайлау өткен соң  бір жолғы талон -300 теңге  болыпты. Онда да сауда  жүрмейді. Сатушылар жоқ. Салық Кодексінің өзінде бір жолғы талон құнының мөлшері әрбір жағдайға қатысты бекітіледі деп жазылған. Біз келіcпеген соң, Нұр Отан,  қалалық мәслихатқа арыз бердік».

Наталья Савченко, сатушы: » Электр жарығының 1 квт үшін 20 теңге, арендаға  12 мың 500 теңге төлейміз. Оның 500 теңгесі күл қоқысты шығару үшін.300- ден бір жолғы талонды төлемей отырмыз. Қалтамыз көтермейді.

Арызданушылардың қолында біржолғы талондардың құнын бекіту жайлы Әл Фараби аудандық прокуратурасының НұрОтанға жолдаған хаттамасы бар. Онда қалалық мәслихаттың 28 қазанда шыққан шешімінің заңдылығына зерделеу жүргізіп, нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы прокурорлық акті енгізілгенідігі жазылған. Бұл мәселені шешу базар басшылығының құзырында.

Гүлбар Төлебекова, Көктем базары директорының орынбасары: «Сауда жоқ. Жағдайды түсініп орынға төлеу бағасын төмендетеміз. Құбырлар аязда қатып қалған. Биыл  қыс суық болды.  Базаркомдармен жиын өткіземіз».

Асылхан ЕСПАЕВ, қала әкімдігіндегі кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары: «Біз тек мониторинг жүргіземіз. базарларды тексеру міндетімізге кірмейді. Біз кәсіпкерлерге тек ақпараттық- анықтамалық  құжаттар береміз. Базардағы электр жарығына төлемдер мен сатушылардың жағдайын жасау жәйі  бірер күнде  өткізілетін   базар басшыларымен жиында  талқыланады.»

Мұндай жағдай қаладағы өзге базараларға да тән. Жағдайдың ушығып кетпеуіне тоқсауыл қою мақсатында қала әкімдігіндегі жауапты мамандар базар басшыларымен осы аптада кездесеміз деп отыр.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-IylCUl7i6U&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=40&feature=plpp_video[/youtube]