Асқар Мырзахметов Кентау жайлы

389

Кентау тұрғындарының пәтерлері жылына бастады. Бұл туралы қала әкімі Нұржігіт Қалмұрзаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 5-жылу энерго орталығында екі қазандық іске қосылды, үшіншісі қыздырылу үстінде. Тағы үш агрегаттың жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазір 5-жылу энергоорталығынан шығатын су темпаратурасы 56 градусқа дейін көтерілген. Сондықтан бүгін жылыту жайы технологиялық жүйеге енеді дейді қала әкімі.

Кентау қаласында орын алған төтенше оқиғаға мұқият талдау жасалынып, тиісті шешім қабылданады. Бұдан бөлек, қысқы маусымға мониторинг жүргізіліп, қайта сараптау жасалмақшы. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен селекторлық жиында айтылды.

Онда жылу беру науқаны мен көктемгі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды. Асқар Исабекұлы маусымдық су тасқынының алдын алу шарасын жүргізуді тапсырды. Өйткені биылғы жыл басынан қардың мөлшері көп түскен.

Бұдан бөлек, елді мекендер бойынша қауіпсіздік төл құжатын жасау, жылу, электр желілері мен табиғи газ және ішкі жүйелерді бақылауды тиісті сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне қатаң түрде жүктеді.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VYPKZ8p4jik&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=9&feature=plpp_video[/youtube]