Оңтүстік мамандары біздегі көмір қауіпті емес дейді

240

Ақпан айының бас кезінде Жамбыл облысынан көршілес Қырғыз еліне экспортталған бірнеше жүздеген қатты отын радияциялық тұрғыдан стандартқа сай келмей кері қайтарылған болатын. Осы оқиғаға байланысты біздің өлкенің тұрғындары көмір сапасына алаңдай бастады. Алайда, бірнеше жылдан бері көмір рыногында жүрген мамандар қобалжуға негіз жоқ дейді.

Шымкент қаласындағы көмір қоймасына жеткізіліп, одан облыстың түпкір-түпкіріне таратылатын қатты отын-Қарағандының Шұбаркөлдік жерасты қазба байлығы. Бұл отынды жеке сектор тұрғындары пайдаланады. Ал Екібастұздың Богатырынан әкелінген көмір өнеркәсіп орындары үшін таптырмайтын отын. Оның геккакаллориясы өте жоғары дейді мамандар.

Соңғы кездері радияциялық зияндылығы жоғары деп қауіпті отындардың қатарына кіргізілген Жамбылдық «Құлан көмірі» біздің облысқа әкелінбеген. Мамандар ондағы жерасты қазба байлығы әлі толық дайын емес деген ойда. Әрі өзіндік құны жоғары. Шымкенттегі қөмір қоймасына жеткізілетін мыңдаған тонна қатты отын толығымен зертханаларды тексеріліп қолданысқа беріледі. ОҚО тұрғындарының бір қысқа сұранысы 25 мың тонна. Биыл осы қажеттілік толығымен жеткізілді. Алайда, ауа-райындағы өзгерістер бюджеттік мекемелер мен жеке тұрғындарға қосымша көмірдің қажетігін байқатты. Сұранысты өтеуге қатты отын жеткілікті.