Шымкент қаласының әкімі көпшілік сауалына жауап берді

243

Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбай қала орталығындағы Опера және Балет театрында облыс орталығының тұрғындарымен кездесіп, дүйім жұрт алдында қоян жылын қорытындылады. Жиында тындырылған тірліктер мен атқарылатын жұмыстардың жоспары кеңінен қамтылды.

Бүгінде қала аумағы күн санап ұлғайып келеді. Жаңа шағын аудандарға қоса көршілес аудандардан қосылған елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту қажет.  Және кеңес одағы тарқағалы еңсесін көтермеген ауылдарға көңіл аударудың уақыты жетті. Ол қала әкімінің ең басты мақсатының бірі. «Тұрлан» ауылы тұрғындарының да күткені осы еді.

2010 жылдың бюджеті 40 млрд.; 2011 жылдың бюджеті 53 млрд. теңге, ал биылғы қала қоржыны одан да жоғары. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2.5 млрд. теңге бағытталған. Бұл қаржыға 11 елді мекенге таза ауызсу жүргізілетін болады. Нәтижесінде 52 мыңнан астам жерлестеріміз сапалы су ішеді. 2011 жылы қалалық бюджеттің есебінен 129.3 млн теңге бөлініп, 27 көшеге бағана орнатылып, жарықтандырылды. 2012 жылы 202 шақырымдық 166 көшені орташа жөндеуге облыстық бюджет есебінен 5,4 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл жоспарда аяқ жол салу мәселесі де қаралған.

Қаланың үш ауданындағы тұрғындар алдында есебін берген қала әкімі Жетпісбай Арман Шәріпбайұлының жұмысына шымкентіктер жақсы деген баға берді. Бұл пікірге әкімдік аппаратымен қоян қолтық жұмыс жасайтын қалалық мәслихаттың депутаттары да қосылды.

Кездесу барысында қала әкімі Арман Жетпісбай атқарған жұмыстарымен бірге алға қойған жоспарларымен де бөлісті. Көпшіліктен келіп түскен сауалдардың бәріне толық қанды жауап беруге тырысты.