Шымкенттегі «Сертаки» кафесі өртке оранды

157

Шымкенттегі «Сертаки»  кафесінің банкет залы жанып кетті.

Кафенің жанып жатқаны туралы суық хабар «101» пультіне келіп түскен бойда, ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші тобы жіберілген.

Бірінші келіп жеткен көмек қолы жеткіліксіз болғандықтан, тағы қосымша топтар шақырылған. Тілсіз жау екі қабатты банкет залын шарпып үлгеріпті. Оқиға орнына тағы да төрт көлік жіберіледі. Ал Таукехан даңғылының бойын жол полициясы жауып тастады.

Өрт сөндірушілерді полковник Путейко басқарған. Кафеден шыққан тілсіз жау сол арадағы көпқабатты үйлерге өтіп кете ме деген қорқыныш болған. Алайда жұмылдырылған топтың мүшелері, өрттің жайылуына жол бермеген.

Шарпыған өрт кафенің 270 шаршы метрін жандырып үлгерген. Кафенің шатыры мен барлық жиһазы жанып кеткен. Қазір өрттің шығу салдары мен келтірілген шығыны анықталып жатыр.