Соттың абыройы судьялардың қолында

237

Соттың абыройы судьялардың қолында. Олардың біліктігілі іс-тәжірибе барысында байқалады. Сондықтан алдағы уақытта жас судьялардан үлкен үміт күтеміз. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Жас судья – сот жүйесінің жаңа буыны» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде облыстық соттың төрағасы Абай Рахметуллин осылай деді.

Осы уақытқа дейін 23 жас судья қызметке кіріскен. Яғни бүгінде облыс аумағындағы судьялардың 21 пайызын жас буын өкілдері құрайды. Ал судьялыққа үмірткер мамандар Жоғарғы сот кеңесінде емтихан тапсырып, білім деңгейін көрсетеді.

Дегенмен жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандардың ондағы алған білімі жеткіліксіз. Ал оларға облыстағы тәжірибелі судьялар бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс дейді төраға.

Абай Рахметулин, ОҚО сотының төрағасы: «Жыл сайын соттармен қаралған азаматтық істер саны 20 пайызға көбейіп отыр. Бір судья әділетсіз шешім қабылдаса, қоғамда барлық  сот жүйесіне теріс пікір туындайды. Сот төрелігін  орындау барысында жақсы қырынан көрінген жас судьялардан марапатталғандар да болды.