Қалалық мәслихаттың депутаттары прокуратураның наразалығын қанағатандырмады

199

Қала базарларындағы біржолғы талон құнына қатысты дөңгелек үстел өткізудегі негізгі мақсат-базарда нәпаха тауып жүрген жерлестерімізге біржолғы талон құнының көтерілу себептерін ашық айту болатын.

Естеріңізге салар болсақ, өткен 2011 жылдың қазан айында  қалалық мәслихат біржолғы талон құнын қайта қарап салық басқармасының берген хронеметражына қарап көтерген болатын. Үстіміздеге жылы  Әл Фараби аудандық прокуроры қалалық мәслихаттың шешімін заңсыз деп наразылық білдірді. Нәтижесінде маслихаттың 7 депутаты бар арнайы жұмысшы тобы құрылып қаладағы бірнеше базарды аралап көрді. Қорытындысында өз шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізген халық қалаулылары прокуратурамен келіспейтіндіктерін ашық айтты.

«Отырар» телеарнасының мәжіліс залында өткен дөңгелек үстелге прокуратура қызметкерлері қатыспады. Басқосуға келген екі депутат салық басқармасы мен біржолғы талон тарату орталығының қызметкерлері. Ветеринария салысының мамандары мен ОҚО кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері бүгінгі таңда қала базарларындағы санитарлық жағдайды бюджетке түсетін салық пен базарларды заман талабына сай ету үшін базар иелерінің жасап жатқан жұмыстарын жан-жақты талқыға салып өз пікірлерін ашық айтты. Қала сыртындағы мал және көлік базарлары қатты сынға алынды.

Нұрғазы Бұхарбаев, қалалық мәслихаттың депутаты: «Мал базарының басшылары базардың тазалығы мен сауда-саттық жасайтындарға мүлдем жағдай жасалмаған. Базарға бір тиын да инвестиция салынбаған. Ветеринария инспекторлары өз міндеттеріне жауапсыз».

Себеп базарға әкілінген бірде-бір малдың құжаты болмағаны. Заң бойынша ондай төрттүлік  базарға кіргізілмеуі тиіс. Алайда, мал дәрігерлерінің де жауаптары даяр қала базарларына көбінде малдар аудандардан әкелінеді. Ал оларды кері қайтаруға құзіретері жетпейді екен. МАИ қызметкерлері көмектессе орынды болар еді дейді ветеринарлар.

Жалпы алғанда прокуратураның біржолғы талонға қатысты мәселені көтергенінің пайдасы біріншіден, қала базарларынын біржолғы талон арқылы жиналатын салықтың көлемін өсіру туралы депутатар ұсыныс тастады. Оған  базарларды қосымша салық қөздері жеткілікті. Базарды тек қаражат табу көзігіне айналдырған базар иелерінің базарға салатын инвестициясы қатаң қадағалауда болады. Үшінші, алдағы уақытта барлық базар жеке-жеке, егжей-тегжей сараптаудан өткізіледі.

Ал біржолғы талон тарату орталығы өз тарпынан салық алынатын шаршы метрге бірқатар толықтырулар енгізіп беруді қалалық мәслихатқа өтінді.