Біржолғы талонның құны күз айында белгіленген бағамен қалды

254

Шымкент қаласындағы базарларда нәпақасын тауып жүрген жерлестеріміз біржолғы талонның құнын былтырғы күз айында белгіленген бағамен төлейтін болды.

Әл Фараби аудандық прокуроры бір жолғы талонның құнын көтерудегі жасалған хронометраждың заңсыздығын нақтылап, наразалық білдірген болатын. Алайда, қалалық мәслихаттың кезектен тыс екінші сесиясында депутаттар 15 күндік үзіліс алып, бірқатар базарларды аралап шықты. Нәтижесінде, өз шешімдерін өзгерпейтінін мәлімдеді.

Базарда тек ет өнімі ғана сатылмайтыны анық. Алайда, еттің бағасын бір емес бірнеше рет мысалға келтірген депутаттар өз шешімдерінің дұрыстығына баршаның көзін жеткізуге тырысты. Бұл ретте қала әкімінің заңгер кеңесшісін де тыңдады.

Біз халықпен біргеміз деген депутаттар да, халқына жақын болуы тиіс әкімдік қызметкерлері де бюджетке түсетін салықты ойлауымыз қажет дейді. Тек Әл Фараби аудандық прокуратурасы заңның бұзылуына жол бермейтінін алға тартып отыр.

Осы тұста айта кету керек, Әл Фараби аудандық прокурорының талабының дұрыстығын Облыстық прокуратура да растап отыр. Өз талабын олар Бас прокуратураға да жолдаған. Мәселе сотта қаралуы да ғажап емес.