Жер телімін алуға кезекте тұрған 61 мың шымкенттік биыл да құр алақан қалмақ

342

Қалалық құрылыс бөлімінің жұмысы сын көтермейді. Бюджет қаражатын үлестіруді білетін шенеуніктер оның мақсатты жұмсалуына мән бермейді. Судың да сұрауы бар деген депутаттар бюджет қаражатын алып, құрылысты аяғына дейін жеткізбеген мердігерлерді жазаға тартатын уақыттың жеткені қашан дейді.

Сондай-ақ бірнеше жылдан бері айтылып, бірақ шешімін тапай келген балалар үйінде тәрбиеленген түлектерді баспанамен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Себебі, 1992 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған асыраушысы жоқ жасөспірімдерге ешқандай жеңілдік жоқ.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің жұмысын да жүйелеу қажет. Жер алып жеке үй салуға ниеттеніп, кезекте тұрған 61 мың азаматтың мәселесін шешу қажет. Алайда, мамандар Шымкент қаласының бас жоспары бекітілмей жер берілмейді дейді.

Шымкент қаласының бас жоспарын мамар айына дейін бекітеміз деп сендірген сәулетшілер кездесу барысында қала құрылысы кеңесінің құрамын да өзгертіп алды.