Құрсайлықтардың ауыз су мәселесі шешіледі

247

Осыдан бір жеті бұрын қала іргесіндегі Құрсай (жаңа атауы «Береке») шағынадуанындағы ауыз су мәселесін көтерген болатынбыз. Мұндағы  тұрғындар суды қаладан тасып, не көшенің басындағы көршілерден сатып алып күн кешуде. Сын материалға Шымкент қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Бейсенбек Жанбосыновтан жауап келді. Оның мәтінін толық назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

«2012 жылы Құрсай шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 166,112 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың  20-шы наурызында ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында  құрылыс жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында  мемлекеттік сатып алу конкрусы өтті. Конкурстың жеңімпазы анықталған соң, өндірістік жұмыс кестесі бекітіліп,  жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын»