ОҚО-да «Қолжетімді баспана» бағдарламасының бірінші кезеңі басталды

232
Қолжетімді баспана

Оңтүстік Қазақстанда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үй құрылысының бірінші кезеңі басталды. Жобаны жүзеге асыру үшін оңтүстікқазақстандық құрылысшылармен кездесу жиыны болып өтті. Басқосуда облыс әкімдігінің жетекшілігі мен «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының өкілдері де болды.

Бағдарламаны іске асыру республика бойынша жүзеге асырылады. 2012 жылдың өзінде 200 мың шаршы метрді қамтитын пәтерлер салынса, келер жылы оның көлемі 300 мың шаршы метрге жетуі тиіс. 2015 жылдан бастап, жыл сайын мұндай пәтерлер 500 мың шаршы метрмен салына бастайды. Дегенмен, «Самұрық Қазына» қорының өкілдері бағдарламаның бір бағытына ерекше назар аударып отыр.

«Адамдар арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде, бірде-бір мемлекеттік бағдарламаға сай келмейтін азаматтардың барын анықтады. Біздер бұл құрылыс жұмыстарын сондай отбасылар үшін арнайы ұйымдастырып отырмыз», – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарушы директоры Данияр Күзетбеков.

«Қолжетімді баспаналардың» әр шаршы метрінің аймақтағы бағасы 120 мың теңге болып бекітілген. Құрылыс материалдары отандық өндірушілердің ұсынысы бойынша салынады. Және нысандардың 70 пайыздық құнын мердігер мекеме көтереді. Осы шарттар Самұрық қазына қоры мен құрылыс заттарын өндіруші компаниялардың арасында меморандумға қол қоюға себеп болды.

Тұрғын үйлердің бағасына оған кеткен құрылыс материалдары құнының әсері бар. Сондықтан «Қолжетімді баспана» бағдарламасының жетекшілері бастапқыда бекітілген бағаны ұстап тұруды басты міндет етіп отыр.