Ордабасы ауданының әкімі ауысты

715

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шоқан Жалилханұлы Кенжеевтің орнына Данияр Ізбасарұлы Тілеубергенов 2012 жылғы 10 сәуірден бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Д.І.Тілеубергенов 1961 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик.
Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген ауданы Қ.Мұңайтпасов атындағы совхоздың механик-бақылаушысы болып бастаған.

1985-1992 жылдары Шымкент облысы Бөген ауданы Қ.Мұңайтпасов атындағы совхоздың жер тегістеу отрядының бригадирі, Қазақстан ЛКЖО Бөген аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, І хатшысы, Арыс аудандық комитетінің І хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің ұйымдастырушысы, Шымкент облысы Қазақстан соцпартиясы Бөген аудандық атқару комитеті хатшысының орынбасары болған. 1992-2010 жылдары Ордабасы ауданы әкімшілігі дене тәрбиесі, спорт және саясат, жастар ісі жөніндегі комитетінің меңгерушісі, Қажымұқан ауылдық округінің әкімі, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бастығы, Шұбар ауылдық округінің әкімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың маусым айынан бастап Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округінің әкімі болып еңбек етіп келген еді.