Ордабасы турнирлік кестенің 6-сатысында

239
Есеп 4:1. Ордабасылықтар алда

Ел чемпионатының 6-шы турында шымкенттік «Ордабасы» Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесті.

Қақпаға алғашқы гол ойынның оныншы минутында салынды. Қайрат Әшірбеков қонақтар қақпасына гол соғып, командасын алға шығарды.

Екі минут өте, шымкенттіктер есепті еселеуге мүмкіндік алды. Бұрыштама көтерілген допты Эндрю Мвесигма шеберлікпен қақпаға жіберді. Жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ.

Ордабасылықтардың басым екені ойын бастала салысымен-ақ айқын болды. Ал жетісулық команданың сәтсіз шабуылдарына шымкенттік қорғаушылар еш бір қиындықсыз төтеп беріп жатты.

Орталық стадионның сол жақ қанаты бұл жолы жабық болды. Шыжынаған күннің астында оңтүстік жанкүйерлері сүйікті командасына қолдау көрсетуде. Алайда екінші таим бастала салысымен қонақтар 11 метрлік айып соққыдан гол соғуға мүмкіндік алды. Гол, енді Шымкенттік ойыншылар шабуылын күлейтпесе есеп теңесіп қалуы да әбден мүмкін еді.

Мансур Гуйе - "Жетісу" қақпасына салынған үшінші голдың авторы

Алайда «Жетісу» осы голмен шектелді. Ал жасыл алаңға шыққан Мансур Гуйе Бағдаулет Қожабаевтің ұсынған добын дұрыс бағытта пайдалана біліп, бұл матчта талдықорғандықтардың қақпасына салынған үшінші голдың авторы атанды.

Мансур Гуйенің соңынан қонақтар қақпасына тағы бір гол соғылды. Нәтижесінде есеп 4-1. Ордабасы алда. Қоржынында 11 ұпайы бар жерлестеріміз