Шымкентте қоқыс қалдықтарының ортасында қалған ауыл бар

464

Қайтпастың қоқыс қалдықтарының ортасында қалғанына бірнеше жылға созылып барады. Бүгінде қала ішінен шыққан қоқыс қалдықтарының бәрін «Қайтпас» шағынауданындағы Көшеров көшесі мен Мешіт маңындағы сайдан табасыз.

Ауыл тұрғындары қала сыртындағы қоқыс өңдейтін полигонды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталғалы қоқыс қалдықтарын сай салаға тастайтындар көбейіп кетті дейді.

Ал Әл Фараби аудандық әкіміндегілер біздің қоқыс қалдықтарын тазартуға жасаған кестеміз бойынша әлі Қайтпас шағын ауданына кезек келген жоқ деп жәйбарақат жайғасып отыр.