Кеше кешке Түркістан облысы Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс жәшігінен жаңадан туған нәрестенің денесі табылды. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр.
САПАРҒАЛИ ТҰРМАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде».
Сондай-ақ, полиция жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде. Бұдан бөлек медициналық мекемелерге де тексеру жүргізіліп жатыр.
Дилара Иса






