Шымкенттегі теннис жарысында Алексей Кедрюк жеңіске жетті

476
Алексей Кедрюк - жарыс жеңімпазы

Шымкенттің теннис орталығында ITF сериясындағы халықаралық жарыстың жеңімпазы анықталды. Ақтық сынға Қазақстандық Алексей Кедрюкпен Сергей Бетов шықты. Алғашқы сэтте Кедрюк алға шығып, беларусиялық қонақтың жүйкесін тоздырды.

Екінші сэтті де отандасымыз сәтті бастағанымен Сергей Бетов та осал емес екенін айқын көрсетті. Осыған дейін де бұл жұп өзара кездескен болатын. Нәтижесінде Кедрюк жеңіліс тапқан еді. Ал бұл жолы жеңісті қолдан бермеуге тырысуда.

Жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын турнир Қазақстанның 3 қаласында өтті. Алматыда өткен жарыста Алексей Кедрюк жеңіске жетсе, Астанада Алексей Ватутин бас жүлдені алды. Ал Шымкенттегі таласта Кедрюк кезекті рет жеңіс тұғырына көтерілді. Сөйтіп халықаралық рейтингтегі орнын 700-ге дейін жоғарылатты.