Жол апатына ұшырағандарды сарбаздар құтқарды

202

65/06 әскери бөлімінің сарбаздары таңғы сағат 7-лер шамасында орын алған жол апатынан зардап шеккендерді құтқарды.

Ринат Оштаевпен оның қатардағы көмекшілері Байдүйсенов пен Кузьминых Адырбеков көшесі маңайында автокөліктің кенеттен тоқтап, соңынан қатты гүрсілдің шыққанын естіген. Көшеге шыққан олар «БМВ» маркалы көліктің бағытағы жолдан шығып кетіп, жанып жатқанын көреді.

Әскерилер шұғыл көмекке келіп, автокөліктен жүргізуші мен жолаушыны шығарып алады. Бұдан соң, көліктегі жанармай жарылады. Оқиға болған жерге жедел-жәрдем, өрт сөндірушілер, жол полициясы қызмткерлері келеді. Көліктегі 25-26 жастағы жандардың мас күйінде болғаны анықталды.