Қайнарбұлақта жаңа қақпа тұрғызылды

1088

«Ауылым – алтын бесігім» деген қанаты сөз жазылған қақпа Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылы мен Шымкент қаласына қарасты Қайнарбұлақ саяжайының қақ ортасынан орын алды.

Еліміздің көк байрағымен түстес қақпа қанатты сөздерден бөлек ұлттық ою-өрнектермен көркемделген. Бұған дейін екі ауылды бөліп тұрған бір ғана тақтайшаның орнына әсем орнағанына ауыл тұрғындары қуанышты, ал осы құрылысты жасаған азамат «бұл – туған ауылыма тамшыдай болса да қосқан жақсылығым» дейді.

ОҚО өнер ордасы бірлестігінің төрағасы Жәнібек Тағаев. Қақпа да осы өнер азаматының қалтасынан шықан қаражатқа тұрғызылды.