18 жасар жігіт 8 жылға сотталды

258

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот залында ашуға беріліп, кісі өлтірген азаматқа қатысты үкім оқылды. Ол қаруды заңсыз сақтағаны үшін және адам өлтіру баптары бойынша қылмыстық жазаға тартылған. 18 жасқа енді толған жігітке қатысты істің түйінін бізде естіп қайтты.

Жастардың бір-біріне әлімжеттік көрсетуі тиылар емес. Биылғы жылдың 10 ақпанынан 11-не қараған түні бір ауданда тұратын жастардың басқосуы қайғылы оқиғаға ұласты. Беделді жігіт өзінен жасы кішілерге сыра алғызып, олардың намысына тиетін сөздер айтқан.

Кәмелеттік жасқа енді толған баланың бірі үйіне ашуланып барып, тауып алған шолақ мылтығын пайдаланған. Ол 1989 жылғы жас жігітке оқ атып, бақиға аттандырған. Осы қылмыстық іске қатысты үкім жария етілді.

Әлімжеттіктің соңы өзін де, өзгені де оңдырмады. Айыпталушыға 8 жылға бас бостандығынан айрылу жазасы тағайындалды. Жәбірленуші жақ үкіммен келіспеитінін білдіріп отыр, 15 тәулік ішінде аппеляцялық шағым келтіруге мүмкіндігі бар.