Ата-ана баласымен сөйлесе алуы керек

366

Халықаралық құқықтық  психологтар Ассосациясының мүшесі, психолог, п.ғ.д. Раиса Үбетайқызы Нақыпбекова ОҚО-ның мектептеріндегі педагог- психологтарға шеберлік кластарын өткізуде.

«Орта білім беретін мектептер мен ата-ананың тығыз байланысы», «Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» деп аталатын  шеберлік кластарына  Оңтүстіктің жер-жерлерінен келген психолог мамандар қатыстырылған.

«Бүгінгідей қым-қуыт тіршілікте күнкөрістің қамын көбірек күйттеген ата-аналар бала тәрбиесін қалай сырып қойғанын байқамай қалады. Ұл-қызымен шүйіркелесіп, тіл табыса алатын ата-ана кемде-кем. Қыз балалардың бойжете  келе анасымен сырласа алатындары аз. Мұның бәрі қазіргідей жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен суицидтің көбеюіне сеп болып отыр. Бұл үлкен мәселелердің  түп-тамырын біз отбасылық тәрбиеден іздеуіміз керек. Күніне баласына ата-ана кем дегенде жарты сағатын бөліп, ұл-қызының бүгінгі күнді қалай өткізгенін, достарымен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қалай екенін біліп, сырласып, сөйлесе білуі керек. Бала деген ата-анаға жаратқанның берген сыйы. Сол сыйды бағалай білуі керек»-дейді психолог Раиса Үбетайқызы.