Соңғы қоңыраудың соңы қайғылы аяқталды

167

Биыл мектепті бітірген төрт түлек және бір жүргізуші қаза тапты. Қайғылы оқиға Атакент-Жетісай тас жолының бойында жұма күні түскі сағат бірлер шамасында болған.

Жастар отырған жеңіл көлік Камазға соқтығысқан. Соның салдарынан КамАз машинасы жанып кеткен. Жеңіл көліктің рулінде 20 жастағы жігіт, оның қасында 17-18 жастардағы 4 мектеп түлегі отырған. Олардың барлығы оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып, КамАз жүк көлігіне соқтығысқан.