Шымкенттің елуден астам тұрғын үйі су астында қалды

284
Осымен екінші рет Бадам жағалауындағы үйлер су астында қалды

Бір жылдың ішінде екі рет Қазығұрт және Бадам жағалауының тұрғындары су астында қалды. Жексенбі күні жауған жаңбырдың салдарынан 50-ге жуық үй зардап шеккен. Ақпан айындағы жіберілген қателіктер әлі күнге дейін жөнделмеген деп тұрғындар байбалам салуда.

Қазығұрт мөлтек ауданының тұрғындарын бұл жолы да су алды. Есіктің алдында жарты метрге дейін судың көлемі көтерілген. Ал кейбір тұрғындардың тіпті автокөлігі де су астында қалған. Қазығұрттың екі үш көшесін су алып жатқаны жөнінде хабар жексенбі күні кешксіні келіп түскен. Арнайы көлікпен суды сорып алуға тура келген.

 Марат Тоқбаев, төтенше жағдай қызметінің өкілі:  «80-ге жуық құтқарушы жұмылдырылды. Қазығұрттың көшелереін де әлі де көмекті қажет етеін жерлері бар. Қазіргі таңда тұрғындардың өздері белсене іске кіріскен».

Бадам жағалауындағы үйлерді де су алды. Бұл жолы үш көшенің 30-дан астам үйі судың астында қалған. Бір жылдың ішінде үш рет осындай жағдайға тап болған шағын ауданның тұрғындары тағы да жаңбыр жауа қалса қайда барамыз деп байбалам салуда.

Жыл басынан бергі табиғаттың тосын сыйларына қала көшелері дайын болмай шыққаны тиісті органдарға сабақ болмаған сыңайлы деп тұрғындар өкпесін баса алмауда. Бүгінде жаңбырдың өзіне осындай су тасқыны болуды, ал сел жүрсе бұл үйлердің жағдайы қандай болары белгісіз.