100-ден асық балл жинап беремін деп 450 мың теңге алған

Облыстық ЭҚСЖД-і (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің хабарлауынша 2012 жылдың 4 маусымында Ордабасы ауданы Қызылжар ауылындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  450 мың теңге пара алу үстінде ұсталды. Ол  А. деген азаматқа баласының ҰБТ-дан 100-ден асық балл жинауына көмектесемін деп сеніміне кіріп, сол қызыметі үшін осыншама теңге  дәметкен.

«Сол күні А.Қайранбекке қатысты ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігімен – 177 бабы 2 бөлігі «в» тармағымен қылмыстық ісі қозғалды.

7 маусым күні Кайранбектен тілхаты алынды»,-дейді ОҚО бойынша ЭҚСЖД-нің бапасөз қызметі.