Мемлекеттік грантқа құжаттар қабылданып жатыр

588
грантқа құжаттар қабылданып жатыр

Кешеден бастап еліміздегі жоғары оқу орындарында қарқынды жұмыс басталды. Оларға жан бітірген грант конкурсы. Бірінші күннен белсенді талапкерлер қабылдау комиссиясының алдына көптеп жиналды.
бірінші күнен бастап, құжаттарын тапсыруға асыққан талапкерлердің мақсаты айқын. Жоғары білім алсам дегендердің қатарына биыл колледжді тамадағандарда қосылған. Сондықтан да, мемлекеттік гранттардың саны былтырғыға қарағанда өскен.

Тыныбек Бажиров, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: «Төрт күн бойы колледж түлектері кешенді тест тапсырады. Олардың да сертификаттары дайын. Олар үшін мемлекет 2 700 грант бөліп отыр».

Биыл мемлекетіміз 45 мың оқу гранты бөліп отыр. Оның жарым жартысы техникалық мамандықтардың еншісінде. Гуманитарлық сала сәннен қалды. Бүгінгі заманның сұранысы ақпараттық сала мамандықтары. Десе де, грантқа үміткерлердің басым бөлігі шығармашылық мамандықтарына арналған столда лық толы. Одан кейінгі орында биология пәнін таңдағандар қуып жетуде. Солардың арасында Шолпан Юнусова да бар. Ол дифектолог мамандығын таңдапты.

Шолпан Юнусова, талапкер: «Дефектолог мамандығын таңдап отырмын. Біздің облыста дәл осы сала мамандары жетіспейді. Астанадан келіп жұмыс істейді екен. Сондықтан өз облысымызда жұмыс істеп, халыққа көмек көрсетсем деймін. Биылғы конкурстың талаптары биік болады деп ойлаймын. Бәсекелестерім көп болса да, грантты жеңіп аламын».

Ал Төрткөлден ат артып келген Рамазан Мырзабай физиканы таңдапты. ҰБТ қиыналып өткен ол, грантқа үміткер. ҰБТ-дан 120 бал жинаған Гүлназ Атабаева өзіне нық сенімді. Мемлекеттік грантты жеңіп алатынына көзі де жетеді.

Айта кетейік, білім грантының конкурсы 31-шілдеге дейін жалғасады. Оның нәтижесі тамыз айының онына белгілі болады.