Ордабасының қадамы қуантады

Ордабасы жарады! Еуропа лигасына алғаш рет қатысып жатқан сүйікті командамыз іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Сырт алаңда Сербияның «Ягодинасымен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалғыз голды ойынның 85-минутында сенегалдық «қара маржан» Мансур Гуйе соқты. Сербиялықтарды өз алаңында қапы қалдырған командамыздың әзірге қарқыны қатты. Шабысы ширақ.

Енді өз алаңымызда өтетін қарымта матчта да ордабасылықтар жерге қаратпайды деп сенеміз.