Жұлдызнама: кім, қалай демалады?

1137
жұлдызнама

Жаздың күндері демалысқа шыққан жандардың көпшілігі шетелге баруды, теңіз жағалауында демалуды қалайды. Қайда демалу, қалай демалу жайлы мәселе әрбір саяхатшыны қызықтырары анық. Дегенмен мұндайда тіпті жұлдызнамаға мүлдем сенбейтін болсаңыз да, жазғы демалысыңызды жоспарламас бұрын жұлдыздардың қайда демалуға кеңес беретініне де назар салғаныңыз абзал.

ТОҚТЫ:Таза ауа мен спо

жұлдызнама

рт Тоқтылар үшін аса маңызды. Тоқтылар өзге жұлдыз белгісіндегілерге қарағанда аса белсенді. Сағаттап күнге қыздырыну Тоқтыларды жалықтырып жібереді. Егер түрлі спортпен айналысудың реті келсе, олар үшін бұдан артық демалысты ойлап таба алмайсыз. Саяхатқа шығып, түрлі тарихи орындарда болу да білім құмар Тоқтылар үшін аса қызықты. Шетелдерге шығуды ойына алған болса, Португалия, Испания және Оңтүстік Америкаға барып саяхаттағаны абзал. Бұл елдерде демалу олардың қуаты мен өмірге деген құштарлығын арттыра түсері сөзсіз.

ТОРПАҚ: Бұл белгіде дүниеге келген жандар сұлулық пен жайлылыққа аса мән береді. Демалыс кезінде олар ең қымбат бесжұлдызды қонақүйлерді таңдағанды жөн көреді. Сондай-ақ қонақүйдің қайда орналасқаны, терезеден қарағандағы табиғат көрінісі де олар үшін маңызды. Торпақтар саяхаттап барған жердің тарихымен, мұражайларымен және мәдени мұраларымен танысқанды жөн санайды. Бұл жазда Торпақтарға Римге барып тынығу ұсынылады. Әсіресе, Верондағы Джульеттаның үйі мен Пизан мұнарасын тамашалау оларға үлкен әсер қалдырмақ.

ЕГІЗДЕР: Егіздер бұрын болмаған елде жаңа әсер алатындай жағдайда демалғаны абзал. Олар көңілді ортаны ұнатады. Сондықтан саяхаттап барған жерде халық көп жиналатын көңіл көтеретін орындарда жиірек болғаны жөн. Шетелге шыққанды ұнататын Егіздер саяхат кезінде бұрын көріп-білмеген тағамдардан дәм татып, барған елдің әдет-ғұрыптарын үйреніп те уақыт өткізгенді қалайды. Бұл жазда оларға Словения, Венгрия, Чехия, Австрия және Адриатикалық жағалауларда болып тынығу ұсынылады. Тауға шығып, сырғанақ тебу де олардың көңіл күйіне керемет әсер етпек.

ШАЯН: Бұл белгіде туған жандар жазда теңіз жағалауында теңіздің шуылы естілетін тыныш мейрамханада отыруды ұнатады. Күн бойы теңіз жағалауында серуендеп, суға рахаттана шомылып, күнге қыздырыну да олардың денсаулығын жақсартып, жұмысқа деген құлшынысын арттыра түседі. Сондықтан биылғы жазда оларға Гаага, Роттердам және Амстердам қалаларында демалудың маңызы зор.

АРЫСТАН:Арыстандар әрі ем алатын, әрі демалатын бесжұлдызды курорттарда тыныққанды жөн санайды. Сондай-ақ демалыс кезінде үнемі жұрт назарында болғанды қалайды. Олар театрға баруды ұнатады. Ал кешкісін биге баруды демалыстың ажырамас бөлігі санайды. Сондықтан курортты аймақта демалатын Арыстандар көңілді отырыстарды жиі ұйымдастырады.

БИКЕШ:Биылғы жылы Бикеш белгісінде туған жандар биылғы жазда сапалы сервистік қызмет көрсете алатын спа-курорттарға барып демалғаны жөн. Олар саяхаттағанды да ұнатады. Сондықтан шетелде демалуды жоспарлап отырған Бикештер Дания, Норвегия, Финляндия және Швейцарияға барса, естен кетпес керемет естеліктермен оралары сөзсіз.

ТАРАЗЫ: Таразылар шетелдерде демалғанды маңызды санайды. Оларды Еуропа қалаларының көшелерінде қыдырып тамашалау қызықтырады. Әрбір ұсақ-түйекке мән беріп, өз елімен салыстырып отырады. Мұражайлар мен көрмелерді тамашалауға ерекше көңіл бөледі. Биылғы жазда Еуропа елдеріне саяхат жасауды жоспарлаған Таразылардың Францияны таңдағаны дұрыс.

САРЫШАЯН: Сарышаяндар демалысты көңілсіз өткізуге келіспейді. Оларға ең қажеті жыл бойы жиналған бар энергияны демалысқа жұмсау. Олар эксртималды көңіл көтеру түрлеріне таңдау жасағанды дұрыс көреді. Сондай-ақ хоккей мен футболға да кетәрі емес. Дегенмен тыныш, адамдары аз жерде тынығу да олардың ойларын жүйеге келтіруге тамаша мүмкіндік. Мұндайда олар күнделікті күйбең тіршіліктен мүлдем алыстап, өзімен-өзі жеке қалғанды, кітап оқығанды жақсы көреді. Биылғы жазда Қытайда демалу олардың күш-жігерін арттыра түседі.

МЕРГЕН: Мергендер үшін қайда демалу маңызды емес. Ең бастысы, олар сол демалатын жерде бұрын-соңды болмаған болса жеткілікті. Демалыс кезінде олар бостандық пен қызықшылықты басты мақсат етіп алады. Мергендер үшін биылғы жазда Израилге барудан асқан дұрыс таңдау жоқ. Мұнда олар өздері үшін бұрын көз көріп, құлақ естімеген талай жаңалық ашады.

ТАУЕШКІ: Тауешкі белгісінде туылған жандар жазғы демалысты алдымен мұқият жоспарлап алады. Таза ауада, тыныш аумақта жаяу немесе велосипедпен жиі серуендеуді қалайды. Жазғы демалысты Үндістандағы Тадж-Махал, Египет елінің Гиза пирамидаларында және Абу әл-Аббастың мешіттерінде өткізгені абзал.

СУҚҰЙҒЫШ:Суқұйғыштарды өзі білмейтін таңғажайыптар еліктіреді. Демалыс орнының айрықша болуы олар үшін аса маңызды. Сондықтан жұлдыздар оларға экзотикалық елдерге сапар шегуге кеңес береді.

БАЛЫҚТАР: Балықтар үшін қарапайым көлтоғанның маңында демалудың өзі жеткілікті. Бір қызығы, Балықтар балық аулағанды ұнатады. Олардың көл маңына шатыр тігіп, түнде от жағып, балықты отқа қақтап жегенді жаны қалайды. Дегенмен шетелде демалуды жоспарлаған Балықтар үшін Түркия немесе Индонезия қолайлы болмақ. Әсіресе, Индонезия екі мұхиттың, екі жартышардың түйіскен жері болғандықтан, бұл демалыс Балықтардың есінен кетпесі анық. Индонезияның Бинтан, Ломбока және Бали аралдарының жағалауында қыдыру мен джип-сафари, дайвинг, серфинг, шопинг, ресторанингтері Балықтардың көңілінен шығары сөзсіз.

Дайындаған – Құндызай ҚАЛАУОВА.