Жолда жүру ережесін бұзғандар айыппұлды енді кезексіз төлей алады

314

Көлік жүргізушілер енді жол жүру ережесін бұзғандары үшін айыппұлдарын кезексіз төлей алады. Мұны электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазір республика аумағында «ҚАРЫЗСЫЗ ЖҮРГІЗУШІ» акциясы өткізілуде. Оның барысында ғаламтор арқылы айыппұл төлеген адам сыйлыққа ие болады.

Ол үшін чекті ХҚКО-на алып келіп, тапсырсаңыз болғаны.