«Кемеқалғанның» лимоны мен пальмасын алыңыз

Төлеби ауданындағы Кемеқалған ауылында көп кәсіпкер тәуекел ете бермейтін көкөніс жайқалып тұр. Қожалық «Мир» сұрыпты лимон егуді биыл қолға алған. Цитрустық жеміс нышанасын енді береді.

Дидар ИМАШЕВ, «Ниматулла» шаруа қожалығының төрағасы: «Келесі жылдан бастап бір лимоннан 40 дана лимон алатын боламыз деп ойлап отырмыз. Келешекте әр түптен 300 лимон алу жоспарлануда. Қазір 1,2 гектарды жайлаған лимон алқабын 5 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз».

Лимоннан бос жерге қожалық қызметкерлері пальма ағашын да отырғызған. Үй ауласының сәнін келтірер өскіндерді олар маусым кезінде 500-1000 доллардан сатпақ. -20 градус аязға төтеп беретін декоративтік ағаштың қазір 3200 түбі өсіп тұр.

Шілтер су қоймасының маңында орналасқан қожалық көкөніс, жеміс-жидектен бөлек арша, боз арша да өсірілуде. Жобаның бәрі жүзеге асса жыл сайын мұнда 630 тонна көкөніс, 120 тонна лимон және 140 тонна алма сауда-саттыққа шығарылады деп күтілуде.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=u7qEU8jrUCU[/youtube]