Ақмешіт үңгіріндегі жұмбақ сыр

Студенттер Ақмешіт үңгірінде

Болашақ тарихшы және археолог магистранттар мен түркология орталығының мамандары, барлығы отызға жуық студент облысымыздың киелі орындарын аралауға шықты.

Алғашқы табан тіреген жер қасиетті «Домалақ ана» кесенесі. Жақсылығымен, даналығымен аты шығып, тек мейірімділігінің арқасында ел аузында қалып, киелі саналған Домалақ ана туралы ел ағалары студенттерге аз кем мәлімет айтты.

«Мұнда күніне кейде бес жүз адамға дейін келушілер болды. Біздің міндетіміз – оларды күтіп алу. Дем салушылардың қатары күннне күнге көбеюде.  Кейде тіпті Ресейден келетіндер бар»,- дейді кесененің шырақшысы Жасұлан Рысдәулетов.

Ал студенттер мен болашақ ғалымдар мұндай экспедицияның пайдасы өте көп деп біледі.

«Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген осы болар. Өйткені көзбен көрген саяхат біз кітаптан оқығанымызды нақтылап, дәлелдеп береді. Білімімізді жетілдіріп, тереңдетуде көмегі көп»,- дейді жалпы тарих және археология кафедрасының магистранты Бекнұр Изембаев.

Тарихи орындарға саяхат Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірін аралаумен жалғасты.  Аңызға сенсек, жылан ордасы болған тау ішіне адамдар ертеректе арқан арқылы түссе, бүгінде арнайы текпешек тұрғызылыпты.

«12-15-ғасырларда үңгірге 10 мыңға жуық әскер кіріп, намаз оқыған деген де аңыз бар. БҰл жоңғар шапқыншылығы болса керек. Ал ол жауынгерлерде Ақмешіт әулие басқарған дейді. Оның қолбасшы екендігі осындай аңыздарда айтылады. Ал негізінне үңгірдің иесі айдаһар. Ал Ақмешіт батыр оны ілімнің күшімен ұстап, бағындырған деген сөздерді естігенбіз»,- дейді шырақшы Асқат Рүстембекұлы.

Шырақшының айтуынша, үңгірге соғыс жылдарына дейін адам баласы аяқ басып, кірмеген. Шаршаған адамға дем беріп, ниеті мен перзент сүймегендердің тілегін қабыл ететін Ақмешіт үңгіріне тек елуінші жылдардан кейін ғана адамдар лек-легімен келе бастапты.

Бұрын үңгірдің ұзындығы 260, ені 78 метр болса, арада жетпіс жыл өткен соң, ұзындығы 160, ені 54 метр, ал биіктігі 35 метр болып, кішірейген дейді көнекөз қариялар. Бұл жыл өткен сайын таудың өсіп, жердің шөгуімен байланысты екен.  

«Нұр Отан» ХДП мұндай шараны алғаш рет  ұйымдастырып отырған жоқ. Болашақ тарихшылар мен археологтардан құралған экспедиция тарихтан шыр шертетін құпияға олы орындарды аралауды жыл сайын дәстүрге айналдыруда. Партияның облыстыө филиал төрағасының орынбасары Халима Жантөреева мұндай игі істер арқылы жа ұрпаққа тарихымыз туралы танытып,  оларды патриоттық рухта тәрбиелейміз дейді. 

Біз қайтып бара жатқан сәтте Орал мен Ресейден арнайы іздеп, тәу етуге  келе жатқан жолаушыларды кездестірдік.