8-шағынауданнан өрт шықты

өрт ауыздықталды
өрт ауыздықталды

8-шағынауданнан өрт шықты. Кезекші бөлімге №17 үйдің төртінші қабатындағы балконның жанып жатқанын туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер алдымен түтінге оранған подъездегі адамдарды сыртқа шығарды. Олардың арасында жас балалар да бар.

Абырой болғанда тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Балкондағы өрт сөндірілді. Қазір оқиғаның мән-жайы және шығынның көлемі анықталып жатыр.