«Энергоорталық-3» АҚ жылу маусымына дайын

419
"Энергоорталық-3" АҚ жылу маусымына 100пайыз дайын
«Энергоорталық-3» АҚ жылу маусымына 100пайыз дайын

ОҚО ның 80 жылдығына орай бүгін жол және коммуналды шаруашылық мәселелері күні деп белгіленген болатын.  Осыған сәйкес, жылу берушілер БАҚ өкілдеріне күрделі жөндеуден өткен қазандықтарын көрсетті.

Күрделі жөндеуге 740 млн. теңге бөлініп, 240 млн 6,5 км. жылу магистралін жөндеуге жұмсалған. «Энергоорталық-3» АҚ биылғы жылу маусымына дайынбыз деп отыр. Энергоорталықта жылу маусымының алдындағы дайындықтар енді пысықталып жатыр.

Ммамандар қазандықтарды тексеріп жатыр. Биыл «Энергорталыз-з»-те күрделі жөндеу бжүргізілген. Қаланың жылу магистралінің басым бөлігі де жаңартылыпты.

Батырша Маханов, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары: » Биыл бір ғана Шымкенттің өзіне 1,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат 30 шаршы шақырым жылу магистралін жаңалап, 29 шаршы шақырым жылу магистралін қымтау жұмыстарына жұмсалды».

«ЖылуЭнергоорталықтың» жөндеу жұмыстарына қазынадан 740 млн. теңге бөлінген. қаражат негізгі агрегат пен генераторды жөндеуге жұмсалды.мамандардың айтуынша, Энергоорталық жылу маусымына сақадай дайын.

Жылу берушілер биылғы маусымды өз деңгейінде атқаратындықтарына сенімді. Шымкенттіктер сапалы, үздіксіз жылумен қамтылады деп биыл да сеніп отыр. Сенім ақталса игі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gF5JN7QgEs0[/youtube]