Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандардың қатары толықты

219
"Нұрсәттегі" үйлердің құрылысы соңына таяды
«Нұрсәттегі» үйлердің құрылысы соңына таяды

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып келеді. Мұны тек облыс орталығындағы атқарылып жатқан игі бастамалардан ғана емес, елді мекендерде бой көтерген әлеуметтік маңызы бар нысандардың көбеюінен де аңғаруға болады.

Ербол Садыр, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы: «Биыл облыста  410 нысан салынуда. Олардың 80-і  білім  саласында,  64-і денсаулық  сақтау,  32-і тұрғын үй . Сонымен қатар  29  ауыз су жүйелері өңірдегі елді мекендерге тартылуда».

Маманның мәлімдеуінше, облыста құрылыс барысын және оның сапалы жүргізілуін бақылайтын арнайы штаб құрылған. Ең маңыздысы, жауапты сала мамандары өз құзыретіндегі салаға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын да назардан тыс қалдырмауы тиіс. Нұрсәт шағынауданындағы облыстық әкімшілік іскерлік орталығының құрылысына бөлінген қаржының игерілуінде туындаған күрделіктер мерзімінде шешілетін болды.

Ербол Садыр, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы: «Облыстық  әкімшілік іскерлік орталығындағы жер телімдері мемлекетке  тегін қайтарылды. Алайда құжаттарды рәсімдеу 3 айға созылды. Және осындай  мерзім ғимараттардың іргетасы  қаланатын жерді   дайындауға-су құйып, жерді әзірлеуге кетті. Жылдың соңына дейін игерілмеген қаржы өзге нысандардың құрылысына  жұмсалады. Ал  іскерлік орталықтың құрылысына  қаржы келер жылдың бюджетінен бөлінеді». 

Жылдың соңына дейін аяқталмаған құрылыстар өтпелі болып, қаржының игерілуі де келесі жылға ауыстырылуы керек. Ал келесі жылы өзге нысандар мен жаңа жобалар іске асырылатын болса, қаржыландыру көзі де өзгеруі ғажап емес. Қазіргі кезде Сайрам ауданында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмысы жалғасып жатыр. Сарыағаш ауданында да электр желілерін тарту қолға алынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tLFXZbu9T_E[/youtube]