Шымкент қаласында 156 отбасы пәтерлі болмақ

531
"Нұрсәттегі" үйлердің құрылысы соңына таяды
Жаңа пәтерлер жыл соңына дейін беріледі

Жыл соңына дейін Шымкент қаласында 156 отбасы жаңа пәтерге қоныс аударады. Баспана кілті үш бағдарлама бойынша табысталады және пәтерлердің сапасына тұрғындардан шағым болмауы тиіс. Мұны жергілікті билік қатаң бақылауға алған. Бүгін қала әкімінің орынбасары құрылысшылармен кездесіп, олардың жұмыстарын бақылап қайтты.

Ипотекалық несиеге берілетін пәтерлерді «Тұрғын үй жинақ банкінде» есеп-шот ашып, қаржы жинағандар алады. Баспанаға қажетті соманың 60 пайызын жинаған адамдардың саны бүгінде 2 мыңнан асады.

«Нұрсаттағы» үйлердің құрылысы соңына таяды

Ал коммуналдық баспана көп жыл бойы кезек күткен жерлестерімізге берілмек. Арасында ҰО Және Ауған соғысының ардагерлері де бар.

Қазір Шымкентте 7 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Соңғысы Елбасының «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында әлеуеттік жағдайы төмен отбасыларына арналған. Тізімде Отрар Арыс және шардара аудандарынан 480 отбасы бар.

Биыл жыл соңына дейін қолданысқа берілетін 156 пәтер өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп ол 2010 жылы 60 2011 жылы 54 болған алдағы жылы 21 гектар жерге 9 қабатты 49 үй яғыни 180 шаршы метр баспана бой көтереді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-4qMOQFkjig[/youtube]