Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкенттегі Қ.Рысқұлбеков көшесінің бойында орналасқан
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкенттегі Қ.Рысқұлбеков көшесінің бойында орналасқан

Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсетуші орталықтың салтанатты ашылуы болды. Көптен күткен шараны мұндағылар естен кетпестей, түрлі-түсті шарлармен безендіріп, тиісті дәстүрден кенде қылған жоқ.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бұл шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірегей институт. Мұнда кәсіпкерлер қызмет көрсетуге «бір терезе» қағидасы бойынша жүгіне алады.

Нұржан ӘЛИЕВ, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры: «Бұл орталықта қанжыландырушы компаниялардың өкілдері мен екінші деңгейлі банк және ұлттық дамыту институттары жайғасқан. Яғни, осында келген кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша көкейін мазалаған сұрақтарының барлығына жауап ала алады».

Мұндай орталықтарды құру идеясын Президент айтқан болатын. Мұнда кәсібін енді ғана бастаған кәсіпкер арнайы оқудан өтіп, бизнес-жоспар жазып, ыңғайлы қаржыландырушы көзді анықтайды.

«Нұран» ЖШС-нің техникалық директоры Мұрат Жүкенов орталықтың артықшылығын бағалаған алғашқы кәсіпкеплердің бірі. Оның компаниясы метал балқыту ісімен айналысатындықтан бұл мекемеге жоғары білімді мамандар қажет.

Мұрат Жүкенов, «Нұран» ЖШС-нің техникалық директоры: «Бізде кәсіпкерлер үшін көптеген бағдарламалар жасалған. Алайда, түрлі себептерге байланысты ол бағдарламалармен кәсіпкерлер таныса алмайды. Бүгін осында келіп, көп жәйттің сырына қанықтым. Бұл мемелекеттік бизнесмендерге жасап отырған үлкен қадамы деп білем».

Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ, Облыс әкімінің орынбасары: «Ойында үлкен жобасы бар, кәсіп ашуға кірісе алмай жүрген азаматтар осында келіп, тиісті мамандардан кеңес алуына болады. Ісін өркендету үшін не істеуі қажет, қандай аудандарға барғаны жөн деген секілді мәселелерді біле алады. Оған қоса, біздер бизнес-жоспар жасап беріп, арнайы оқытудан өткізе аламыз».

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары облыстың барлық аудандарынан ашылатын болады. Шымкенттен де таяу күндері осындай мекеме бой көтеруі мүмкін.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BLdA3adGNAs[/youtube]