«Тұлпар» станциясының құрылыс жұмыстары тағы да тоқтады

347
"Тұлпар" станциясы
«Тұлпар» станциясы

Шымкенттегі «Тұлпар» станциясын жөндеу жұмыстары қайтадан тоқтап қалды. Бұл құрылыс осыдан 1,5 ай бұрын басталған болатын. Бұл күнде 10 миллион теңгенің жұмысы атқарылыпты.

Балалар теміржолының бітпей келе жатқан жырының бір ұшы дәл осы Тұлпар станциясына келіп тіреледі. Оның ескіргенін ескерген билік, құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйғарған. Алайда, бұл бастама көпке бармай, станцияның құрылыс жұмыстары орта жолда тоқтап қалды.

Бекмұрат Байымбетов, мердігер компанияның инженері: «Тендер бойынша 10 миллион қойылған. Қазір біз 25 миллионның жұмысын істеп отырмыз. Тоқтап тұрмыз. Өйткені ақша жоқ. Әлі ақша бөлінбеген. Әлі бізге бір тиында бөлініп, бір тиында берілген жоқ».

Сонымен, құрылыстың жобалық-сметалық құны – 62 млн. теңгеге жуық болса, әзірге соның тек төрттен бір бөлігіндей ғана қаржы бөлінген. Әрлеу жұмыстарының өзіне 24 млн. теңге керек. Оған ескі екі ғимарттың құрылысы, инфрақұрылымы мен субұрқақты тағы қосыңыз.

Ерубай Құралбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Бүгінгі таңда 10 миллион теңгенің жұмыстары жүргізілді. Келесі бюджетті нақты

лау кезінде қаржыны бөлу ұсыныстары жүргізілетін болады. Қаржы болмаған жағдайда нысан 2013 жылдың  бюджетіне енгізіледі. Сол жылы аяқталатын болады».

Осымен екінші рет құрылысы орта жолда қалып қойған станцияның жұмысы келер жылдың еншісіне тағы қалды. Ал биыл тек төбесі ғана жабылады деп жоспарлануда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RAqZLphxWxM[/youtube]