Ақсай-Боз Қарабастау каналының құрылысы келесі жылға қала ма?

334
Бетон құю жұмысы
Арнаның жағасындағы үйлерден техника жүре алмайды

Бұл «Версаль инженеринг» ЖШС-ның прорабы. Қазан айының 15-нен бастап, тендер жеңімпазы ретінде 10 жарым шақырым ұзындықтағы каналдың тазалау жұмыстарын аяқтап бітіпті. Алайда екі айдың ішінде арықтарды бетондау мүмкін емес дейді.

Болат Әбуов, участке бастығы: «Бұл уақыт аз. Жоба бойнша бес жарым ай уақыт берілген. Ал біз оны екі айда бітіруіміз керек. Бұл ақылға сыймайды. Біз істейміз, әлі де істей береміз. Күннің жылуына байланысты жұмысты жасай береміз. Ал қалғанын келер жылдың еншісіне қалдырсақ деген ұсыныс бар».

Былтыр тасқыннан зардап шеккен бадамдықтар да бұл құрылыстың басы қасында жүр. ӨйткенімҚұрылыстың сапалы жүргізілуін талап етеді. Сол себепті де қыстың көзі қырауда құйылған бетонның сапасына сенбейді. Көктемнің тасқын суына шыдас бермей, қайта бұзылып кете ме деп қорқады.

Тойшыбай Исламов,Забадам елді- мекенінің басқарушысы: «Былтыр суы тасып кеткен каналдың жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бір айдың ішінде арнаны тазалап, шлюзды салып бітті. Енді бетон құю керек. Менің білуімше, бетонды жазда күн жылыда құйған дұрыс. Сол кезде жақсы кебеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай күн суып кетті. Мұздай күні құйылған бетон сапасыз болады. Сол себепті осы жерден тоқтатып, көктемде жалғастырса деймін. Ал бөлінген қаржыны игерілмеді деп емес, келер жылы жұмысы жалғастырылады десе».

Ал қалалық коммуналдық мекеме басшылығы мердігерлердің бұл ұсынысымен келіспейді. Құрылыс жоспар бойынша екі айдың ішінде аяқталуы тиіс деп отыр.

Нұрсұлтан Әлиев, қалалық ТҮКШ бөлімі бастығының орынбасары: «Біздің арнайы жоспар бойынша арнаның жұмысы 15-желтоқсанға дейін бітуі тиіс. Бұл жерде бетон құю жұмыстары сәл қолға байлау болып тұр. Себебі каналдың кейбір тұстарына ешқандай техника кіре алмай жатыр.Соған байланысты бетонды қолмен құю жұмыстарын жүргізіп жатырмыз».

Ақсай -Боз Қарабастау арнасының құрылысы биыл бітеді. Бұл биліктің шешімі. Ал оның сапасы қандай болатынын уақыттың еншісінде. Ең бастысы жауын-шашын мен таудан келетін селдің суына шыдас беріп, халықты әбіржітпесе болғаны. Жергілікті жұртты айтары осы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oangNTCefzA[/youtube]