Қаза тапқан шекарашылардың кімдер екені анықталды

Қаралы күн жарияланып, шекара қызметінің туы төмен түсірілді
Қаралы күн жарияланып, шекара қызметінің туы төмен түсірілді
Қаралы күн жарияланып, шекара қызметінің туы төмен түсірілді

Кеше желтоқсанның 25-і күні Астанадан шымкентке қарай шыққан  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-ұшағы апатқа ұшырады.  Алдын ала жасалған болжамдарға сенер болсақ апат Шымкент әуежайына жетпей, Сайрам ауданы Қаратөбе ауылдық округі маңында орын алған.

Ұшақ бортында болған барлық 27 адам, соның ішінде 7 экипаж мүшесі қаза тапқан.

Қаза тапқандардың ішінде Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Т.М. және Қызмет орталық аппаратының бір топ офицерлері болған. Олардың арасында  осы күні күндіз Астана қаласында Шекара қызметі Әскери кеңесінің жиналысына қатысқан «Оңтүстік» өңірлік басқармасының әскери қызметшілері де бар.

Шекара қызметінің басшылығы Шымкент қаласына  «Оңтүстік» өңірлік басқармасында өткен жылдың қорытындысын шығару бойынша Әскери кеңес өткізу үшін ұшып шыққан.

Қазіргі уақытта әуе апаты орнында авиациялық оқиғаларды тергейтін ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде.

Шымкент қаласына ҰҚК Төрағасы Н.Әбіқаев ұшып шықты.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қайғылы жағдайға байланысты облыстағы барлық мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешім шығарды. 

Облыс басшысы қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Бүгін, сағат 13.00-де  «Оңтүстік» шекара қызметінде журналистер үшін брифинг өтеді.

 

Қаза болғандар тізімі:  

Экипаж командирі – майор Нұрахметов Марат Тұрсынұлы;
Штурман – майор Голубев Олег Александрович;
Аға бортмеханигі – капитан Үсенов Марат Еркенұлы;
Командирдің көмекшісі -аға лейтенант Лұқпанов Аслан;
Аға бортмеханигі – прапорщик Вологжанин Александр Петрович;
Аға бортмеханигі – сержант Мысаев Ренат Қанапияұлы;
Бортсерігі – сержант Доланбаева Гүлнұр Жүнісқызы;
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы;
ШҚ Бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Нұрлашев Ерғали Нұрғазыұлы;
«Оңтүстік» өңірлік басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Доценко Павел Михайлович
«Оңтүстік» ӨБ бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат Күлкешұлы
ШҚ бөлімінің бастығы полковник Қабдылғазезов Қанатбек Тоқтарбекұлы
ШҚ басқармасының бастығы полковник Махаев Ерлан Мейрамбекұлы
ШҚ аға консультанты подполковник Дмитриев Александр Игорьевич
«Леңгір» шекаралық бақылау бөлімі штабының бастығы подполковник Кущь Валерий Николаевич
Жеке инженерлік-саперлік батальоны командирі Қожахметов Бауыржан Зарқымұлы
«Меркі» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы майор Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы
ШҚ күзет және қамтамасыз ету комендатурасының коменданты Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы

«Оңтүстік» ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:
подполковник Рахман Вячеслав Александрович
подполковник Мұхамадиев Қайрат Ахметқалиұлы
подполковник Шұқанов Аманбек Пердешбекұлы
подполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы

ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:
подполковник Рахман Александр Александрович

«Оңтүстік» ӨБ әскери қызметшілері: 
аға лейтенант Филипко Анатолий Олегович
аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы
кіші сержант Вязиков Павел Константинович
Стамбекова Сәуле Айтмұханбекқызы

АН-72 әскери-көлік ұшағы 1990 жылғы желтоқсанда шығарылған. 2012 жылда Украинадағы «КБ Антонов» әуе жөндеу зауытында ресурсын қалпына келтіруден өткен.

Қаралы күн жарияланып, шекара қызметінің туы төмен түсірілді
Қаралы күн жарияланып, шекара қызметінің туы төмен түсірілді