2012 жылдың ең үздік жастары анықталды

Жылдың үздік жастары
Жылдың үздік жастары
Жылдың үздік жастары

Жаңа жыл қарсаңында «Үздік» жастар сыйлығының иегерлері мараппатталды. Мәдениет, білім, өнер және әлеуметтік, БАҚ саласында ерекше жетістігімен көзге түскен 21 жасқа қала әкімі арнайы сыйлықтар табыс етті. Спортшы, дизайнер, ақын, ғалым, мұғалім, үздік жас қаламгер мен режиссер. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормония залында қызыл кілеммен сахнаға көтерілген бұл жастар сыннан сүрінбей өткендер.

14 пен 29 жас аралығындағы замандастарымыздың арасында мерейі үстем болып, халықты жаңалықтармен дер кезінде хабардар етіп, ақпараттандыру саласында еңбегі еленген жастардың арасында арнамыздың тілшісі Ардақ Жақсылықова да бар. Ол «Үздік жас тілші» аталамы бойынша мараппатталды.

Ардақты марапаттау сәті
Ардақты марапаттау сәті

снх: Ардақ

Биылғы жастар үздігінің қатарында жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, жоғары оқу орнының студенттері, дәрігерлер, өнер иелері, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері мен сарбаздар да бар. Оларды марапаттаған қала әкімі Қайрат Молдасейітов жастарды өз саласында ынталандыруда мұндай байқаудың көмегі көп дейді.
Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкет қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына үлес қосған жастарды марапаттау кезінде сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қала әкімі үздіктерді құттықтауда
Қала әкімі үздіктерді құттықтауда

Төменде Шымкет қаласы әімінің «Үздік» жастар премиясының коминанттарының тізімін жариялап отырмыз

«Білім және ғылым» саласы бойынша

1. «Үздік оқушы»- Тастемір Болатбек Қуанышбекұлы

2. «Үздік студент» – Жақсылық Әлихан Алтынханұлы

3. «Үздік жас ғалым» – Шажалы Азатжан Мұратжанұлы

4. «Үздік жас мұғалім»- Ешенқұлова Динара Бауыржанқызы

 

«Мәдениет, өнер  және спорт» саласы бойынша

1. «Үздік жас ақын»- Әнәпия Нұрғали Мұратұлы

2. «Үздік әнші тобы»- «Арман» тобы

3. «Үздік жас дизайнер»-  Малғайдаров Арман Тұрғанбайұлы

4. «Үздік жас спортшы» – Тұрмаханова Гаухар Ғалымжанқыз

 

«Ақпараттық қамтамасыз ету» саласы бойынша

1. «Үздік жас тілші»- Жақсылықова Ардақ Төрегелдіқызы

2. «Үздік жастар айдары» – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының «Жастық жанары» жастар айдары

3. «Үздік жас қаламгер»- Ортаева Эльвира Арыстанбекқызы

4. «Үздік жас режиссер»-  Орынбаев шапағат Шойбекұлы

 

«Қоғамдық өмір» саласы бойынша

1. «Үздік жастар қоғамдық бірлестігі»- «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ-ның «Жас Отан» Жастар қанаты

2. «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы»- Қалдарбекова Айгерім Нұралдинқызы

3. «Үздік жас КТК командасы»- М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Мардан Ұландары» КТк командасы

 

«Халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау» саласы бойынша

1. «Үздік құқық қорғаушы»-  Шойынбаев Берік Сәрсенұлы

2. «Үздік жас сарбаз»-  Назарбеков Шыңғыс Жаппарұлы

3. «Үздік жас дәрігер»- Өнербекова Мадина Толымбекқызы

4. «Үздік жас кәсіпкер»- Зейнетаев Абзал Ескендірұлы

5. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» –  Тәжібаев Марат Әбдімәжитұлы

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Js3pWHJtzMU[/youtube]