Абайда аурухана ашылды

Абай ауылында емхана мен аурухана, Алғабаста фельдшерлік-акушерлік бекет тұрғындарға қызмет көрсете бастады
Абай ауылында емхана мен аурухана, Алғабаста фельдшерлік-акушерлік бекет тұрғындарға қызмет көрсете бастады

Сарыағаш ауданында бір күннің ішінде жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Мәселен, Абай ауылында емхана мен аурухана, Алғабаста фельдшерлік-акушерлік бекет тұрғындарға қызмет көрсете бастады.

Кезінде Келес ауданының орталығы болған Абай ауылындағы аурухана осыдан 50 жылдай бұрын салынған еді

Кезінде Келес ауданының орталығы болған Абай ауылындағы аурухана осыдан 50 жылдай бұрын салынған еді. Дертіне шипа іздеп келгендердің барлығын сыйдыра алмайтын. Ауылда қазір 20 мыңға жуық тұрғын бар екен. Сол себепті де жаңа медициналық мекеменің ашылғанына ел ерекше қуанып отыр. Мұнда перзентхана мен балалар бөлімі де бар. Соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жарақталған. Күрделі операцияларды жасай алатын дәрігерлер ұжымы топтастырылыпты. Емхана бір ауысымда 200 адам қабылдай алады. Ауруханасы 150 науқасқа есептелген.

Сондай-ақ ауданға қарасты Алғабас ауылында облыс қаржысына салынған фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. ФАБ бас дәрігері Г. Жиенбаева бұл ғимаратты біз 20 жыл күттік, – дейді. Бұған дейін ескі ғимаратта 2 ғана бөлмеде отырыпты. Ине егу, әйелдерге, балаларға қарау бәрі де бір жерде болған.

Ауруханасы 150 науқасқа есептелген

Сарыағаш ауданы негізінен ауылшаруашылығына маманданған өлке болып есептеледі. Осы уақытқа дейін 800 тонна ғана ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймасы бар болған болса, таяуда сыйымдылығы 5200 тонналық тағы бір қойма іске қосылды. Сарыағаш ауданының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев – 600 тонна пияз бен картоп сақтап жатырмыз дегенді айтады. Келесі жылы аудан диқандарының осында өнімдерін сақтайтын мүмкіндігі бар көрінеді. Сонда еліміздің солтүстігіндегі облыстарға Сарыағаш ауданы жыл он екі ай ауылшаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vgBhirme9lY[/youtube]