Азат марапатқа ие болды

ОҚО «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Азат Әміртаев Астанадан Алғыс хат арқалап қайтты

ОҚО «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Азат Әміртаев Астанадан Алғыс хат арқалап қайтты. Жас та болса, еліміздің егемендігін баянды ету жолында еңбек етіп жүрген Азатқа ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты табыс етілді.

Айта кету керек, «Жас Ұлан» қоғамдық ұйымы Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған болатын. Оның құрамында еліміз бойынша бүгінгі таңда 700 мыңдай мүше бар. Ал ОҚО бойынша 57 мың мүшесі бар ұйымның бүгінгі таңда жұмысы жандана түскен.

Былтыр ғана, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында құрылған ұйымның бүгінгі таңда беделі жоғары. «Жас Ұлан» ұйымы екі буыннан тұрады. 1-4 сынып оқушылары «Жас қыран» буынына мүше болса, 5-10 сынып оқушылары «Жас Ұлан» буынына мүшелікке алынады. «Жас Ұланға» мүше болу үшін оқушының сабақ үлгерімі мен тәртібі өзгелерге үлгі боларлықтай болуы міндетті. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстардың белсендісі болғаны абзал.