Оңтүстікқазақстандықтар Жаңа жылды қарлы аязбен қарсы алмақ

201
Алдағы күнге ауа-райы
Алдағы күнге ауа-райы
Алдағы күнге ауа-райы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағына  ауа-райы аязды болмақ. «Қазгидромет» РМК ОҚОФ мамандары 27-28 желтоқсан күндері ауа температурасы -5,-10 гадусқа дейін төмендейді деп отыр. Кей жерлерде  сынап бағанасы -15 градусты көрсетуі ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысы аймағының кей бөліктерінде -20 градустық аяз болады деп болжанып отыр. Синоптиктердің болжауынша Жаңа жыл қарсаңында тағы да қар жаууы ықтимал.

Ал қаңтардың алғашқы 3 күні де қарлы болмақ. Жалпы, келер жылдың қаңтар айы қарлы болады деп болжап отыр синоптиктер.