Виктор Пасульконың орнына отандық бапкер келді

223
"Ордабасы" ФК бас бапкері В. Масудов /фото Tengrinews.kz сайтынан алынған/

«Ордабасы» футбол командасының бас бапкері қызметіне келген маманның есімі белгілі болды. Оңтүстік футболшыларын баптау Вахид Масудовқа бұйырыпты. Ол бір жылдық келісім шартқа қол қойды.

"Ордабасы" ФК бас бапкері В. Масудов /фото Tengrinews.kz сайтынан алынған/
«Ордабасы» ФК бас бапкері В. Масудов /фото Tengrinews.kz сайтынан алынған/

Естеріңізде болса, Масудов кезінде  «Қайрат», «Тараз», «Шахтер», «Восток», «Ақтөбе», «Жетісу», «Локоматив», «Атырау» және еліміздің ұлттық құрама командасын жаттықтырған. 2008/2009 жылдары Қазақстан Кубогін де жеңіп алған. Сондай-ақ, 2010 жылы осы маман баптаған құрама Бірінші лигада топ жарған.

Сонымен қатар, бүгін белгілі болғандай, қорғаушы Фархадбек Ирисметов та команда құрамын толықтырды. Өткен маусымда Шымкенттің тумасы алматылық «Сұңқарға» ауысып кеткен болатын. Биылғы өзгерістерге байланысты ол «Ордабасыға» қайта оралды.

Бүгінде Премьер лига командалары дайындығын бастап та қойды. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын ордабасылықтар Шымқалада өткізеді. Алғашқы жаттығу жұмыстары желтоқсанның 15-не «Ескі қалашықтағы» төбесі жабық алаңда басталады.